AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда 53 жастағы азамат көршісін оқтаумен ұрып, өлтіріп тастаған

Көкшетауда 53 жастағы азамат шай ішуге келген құрбысын ұрып өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Көршісін ұрып тастап, жазадан жалтару үшін марқұмның мүрдесін жатын бөлмеден тауып алдым деп полицияға өзі хабар беріпті.

"Санағам жоқ, айттым ғой, үш рет бетінен ұрдым, тіземмен 4-5 рет. Тіземмен бет тұсынан, кеудесінен тептім. Құлап қалды", - дейді күдікті.

Әу баста полицияға хабар берген бұл азамат көршісі кешқұрым дене жарақатымен келгенін айтқан. Ұйықтап тұрып, жатын бөлмеден өліп қалғанын көрдім деп өзіне шаң жуытпаған. Үйді тіртіген полиция қанға боялған ағаш оқтау тауып алды. Ал үстел үстіндегі бос шөлмекке қарап, екеуі бірге ішімдік ішкен деген болжам айтылуда.

Тәртіп сақшылары марқұмның денесінде сау тамтығы қалмағанын айтады. Оны күдікті әбден тепкілеп, оқтаумен өлімші етіп сабап тастағанын мойындады. 

"Тергеу кезінде полиция шақырған азаматтың өзі күдікке ілікті. Ол өзара жанжал туып, көршісін ұрып өлтірген соң барып ұйықтап қалған. Кінәсін толық мойындады. Қазір "адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша қамау абақтысына жабылды", - дейді Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Қасым.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр