Коронавирус жұқтырған адам алғашқы рет қарашада тіркелген
Қытайда коронавирус жұқтырған ең алғашқы адам желтоқсанда емес, қарашаның 17-сінде тіркелген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қытайлық South China Morning Post басылымы мәлімдеді. Басылымның ақпаратына сәйкес, ең алғаш жұқпалы індетті 55 жастағы Хубэй провинциясының тұрғыны жұқтырған. Атап өтейік, дәл осы провинция аурудың ошағына айналған еді.
Қараша айының өзінде коронавирусты жұқтырған он адам анықталған, десек те олардың ешқайсысы эпидемияны таратқан алғашқы науқас ретінде тіркелмепті.
Қазіргі таңда коронавирусты 120 мыңнан астам адам жұқтырған, аурудан көз жұмғандардың саны төрт мыңға жетіпті. Ал 11 наурыз ДДСҰ коронавирусты пандемия деп атапты.
Еске салайық, бұған дейін Қытай коронавирус таратты деп АҚШ-ты айыптаған еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі