Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балжан Бидашқа даусы жоқ әншілер "орныма ән айтып бер" деп қолқа салып жүр

Бірінің орнына ән айту шетелдік шоу-бизнесте көптеп кездеседі. Енді мұндай жаңалық қазақ шоу-бизнесіне де жат емес. Ендеше қазақ эстрадасында бір-бірінің орнына ән айтатындар кімдер?

Балжан Бидашқа

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мәселен, "Арнау" тобының бұрынғы әншісі Жанар Хамитованың "Сенен басқа" әніндегі партиясын Динара Сұлтан орындаған. Мұны Жанардың өзі мойындаған болатын. 

Ал, Бағым Мұхитденова өз даусымен өзгелерге көмектесіп жүргенін айтады. 

"Бағым Мұхитденованың өзге әншілердің орнына ән айтып көмектесетінін естігенбіз. Шоу-бизнесте түрлі жағдайлар болады. Егер өнерпаз солай дұрыс деп тапса, оны айтуға, айыптауға міндетті емеспіз", - дейді әнші Иван Бреусов. 

Ал, Алуа Қонарова мұндай қулыққа барған әншісымақтарды сыйламайды. Мұны дұрыс деп санамайды.

"Бұрын 2000 жылдары бір-бірінің орнына ән салғандар болды, бірақ қазір бұл дұрыс емес. Мүлде ұят жағдай", - деді продюсер. 

Ал, Балжан Бидашқа қазірдің өзінді қолқа салатында көп екен.

"Біреудің даусымен сахнада ән айту деген ұят қой шынында. Мен оған қарсымын. Біз студияда жүргендіктен мұндай өтініштер болып жатады. Бұл дұрыс емес", - деді Балжан. 

Алайда әнші нақты кімдердің мұндай өтінішпен жүгінгенін айтқан жоқ.

Тағы оқыңыз: "Егіздің сыңары": Балжан Бидаштың 27 жастағы сүйіктісі туралы не білеміз
Талқылау