Ақылы қызмет түрі енгізілді: Білім министрі «Күнделік» қосымшасындағы төлем туралы сауалға жауап берді
«Күнделік» мобильді қосымшасындағы қандай ақпараттың ақылы болатынын білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Жалпы бұл қызмет түрі бойынша ақпарат алу тегін, бірақ ақпаратты мобильді қосымша арқылы және рейтинг, аналитика, салыстыру туралы ақпарат қажет болған жағдайда БҒМ қызмет ұсынушымен келісімі негізінде ата-аналар ақша төлеуі керек», - деп түсіндірді министр мәжіліс депутаттарының сауалына.
Өз кезегінде Азат Перуашев бұған келіспейтіндігін білдірді.
«Конституцияда орта білім тегін беріледі деп жазылған, ал қосымшада ата-аналардың өз баласының оқу үлгерімі туралы ақпарат алу қызметі үшін ақша талап етіп отыр», - деді Азат Перуашев.
БҒМ басшылығы баға туралы ақпарат пен кері байланыс тегін, рейтинг, аналитика, салыстыру жүргізу ақылы деп түсіндірді.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"