Непалдағы жаппай көтеріліс: Халық премьер-министрдің резиденциясын өртеп, отставкаға жіберді
Фото: Видео кадрларынан
Непалда Facebook, Instagram, WhatsApp, YouTube және басқалары бұғатталғаннан кейін халық жаппай көтеріліске шықты. Жағдай шиеленісіп наразылық білдірушілер премьер-министр Шарма Олидің резиденциясын өртеп жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі India Today порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Премьер-министр Шарма Оли жағдайдан соң отставкаға кетті. Ал үкімет мүшелері әскери тікұшақтармен эвакуацияланып жатыр. Олардың үйлері де өртенген. Оппозициялық Ұлттық-демократиялық партияның барлық мүшелері отставкаға кеткен.
Наразылықтар өткен аптада ірі әлеуметтік желілер – Facebook, Instagram, WhatsApp, YouTube және басқалары бұғатталғаннан кейін басталған. Кейін бұл шектеулер алынып тасталғанымен, бұл жағдай халықты сабырға түсіре алмады.
Алғашында наразылықтар кезінде 19 адам қаза тауып, 100-ден астамы жарақат алғаны жазылған еді. Ал қазір Катмандудағы тәртіпсіздіктер салдарынан жараланғандардың саны 500-ден асқан.
Талқылау

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
1 қазанда Blue Origin NS-36 миссиясымен ғарышқа ұшатын экипаждың құрамын жариялады. Онда қазақстандық Данна Қарағұсова да бар

"15 түрлісін іштім": Қазақстандық әйел нутрициологтың берген БАД-ынан кейін өлім аузынан қалған
Тоғжан: "85 мың теңгеге анализ тапсырдым"