Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неміс пилоты қауіпті маневр жасап жолаушылардың жүрегін ұшырды (видео)

Air Berlin әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы сәл болмағанда Дюссельдорф әуежайындағы ғимаратпен соқтығыса жаздады.

Видеода ұшақтың әужеай терминалына жақын ұшып бара жатқаны байқалады. Бұл кезде ұшу-қону жолағы әуе кемесінің артында қалған.

Майами-Дюссельдорф рейсін орындаға Airbus A330 лайнерінің бірінші пилоты қауіпті маневр жасаған. Кейін белгілі болғандай, ол компанияның банкротқа ұшырауына байланысты өзінің қызметтен кеткенін естіген.

“Біз барлығынан лайықты түрде кешірім сұраймыз”, – деді экипаж командирі ZDF неміс телеарнасына берген сұхбатында. Жолаушылар болса ұшақтың кенеттен бұрылыс жасағанынан қатты қорқып қалған.

“Мен сол кезде 11 қыркүйек трагедиясы мен Франциядағы A320 ұшағының апатқа ұшырағанын есіме түсірдім”, – дейді жолаушылардың бірі.

Жіберіп алмаңыз:

Forbes ең бай америкалықтардың тізімін жариялады

Атамбаев: Назарбаев туралы айтқан кезде эмоцияға салынып кеттім, менікі дұрыс болмады

Алладан басқа ешнәрсеге ешқашан сенбеймін: Жээнбеков туралы не білеміз?

Ең бай қытайлық 30 жылдан соң мұнайдан да маңызды болатын затты атады

Талқылау