Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Яндекс-такси бағасы неге қымбаттай береді: Компания басшысы жауап берді

Яндекс Go компаниясының Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Тайыр Байдүйсен таки бағасына қатысты сынға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: depositphotos.com

Kursiv Ecosystems Forum 2024 форумында компания басшысы такси бағасының неліктен үштен біріне қымбаттап кеткенін және бағаның қашан арзандайтыны туралы сұраққа жауап берді.

Компания басшысы такси бағасының мұндай өсу қарқынын жоққа шығарып, компанияның динамикалық баға жүйесін қолданатынын атап өтті.

Оның айтуынша, динамикалық баға жүйесі екі мәселені шешеді: сұраныстың белгілі бір бөлігін қысқартады және тұтынушыларды қамтамасыз ету үшін желіге көбірек жүргізуші тартады.

Байдүйсен компания бағаны қымбаттату арқылы артық табыс таппайтынын айтты. 

"Біз екі еселенген такси бағасынан ақша таппаймыз. Бұл нарыққа тұрақтылық пен тұтынушының табыстан маңыздырақ екендігі туралы белгі. Біз сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысамыз", - деді Тайыр Байдүйсен.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы ТМД елдері ішінде такси қызметі ең қымбат қала екені туралы жазған едік. 

Талқылау