Негізгі рөлге дайын: 2026 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан нарығына Lexus NX-тің гибридтік нұсқасы шығады

Қазақстанға премиум кроссовердің электрленген нұсқасы, әр түрлі жағдайда жолда қалдырмайтын, қала ортасында да, қала сыртында да өз міндетін мінсіз атқаратын және еліміздің климаттық жағдайына өте қолайлы Lexus NX 350h автокөлігі жеткізіледі.
- NX 350h төртінші буынның заманауи гибридтік қозғалтқышы, литий-ион батареясы және энергия ағындарын ақылды басқару жүйесі арқасында жанармайды үнемді пайдаланады.
- Модельдің басты артықшылықтарының бірі – дәстүрлі қозғалтқыштарға қарағанда CO₂ шығарындыларын 35%-ға азайтуында.
- NX 350h батыл әрі айқын көрінісімен ерекшеленеді, сыртқы дизайны "функционалды сұлулық" философиясына негізделген.
- Tazuna кабина концепциясы жүргізушіге жол мен айналаны жақсы көруге мүмкіндік береді. Барлық негізгі функцияларға бірден қол жеткізуге және басқару жүйелерін интуитивті түсінуге арналған.
- Ал салоны қосымша ыңғайлылығымен, заманауи дизайны мен әмбебаптығымен ерекшеленеді. Иесінің ең жоғары талаптарына сай.
- Қазақстан нарығында модель үш нұсқада ұсынылады: Executive, Premium және Luxury.
Lexus нарыққа шыққаннан бері технологиялық және дизайнерлік мүмкіндіктерін үнемі кеңейтіп, клиенттерге ерекше автокөліктер ұсынып келеді. NX 350h – осы дәстүрдің жалғасы. Бұл жол талғамайтын көліктің сыртқы және ішкі дизайны ерекше шешімдерге толы, ол жаңашылдық, стиль, жайлылық пен қауіпсіздікті үйлестіреді.
Заманауи гибридтік жол талмайтын көліктің сыртқы пішіні модельдің негізгі құрылымын және динамикалық мінезін сақтай отырып, инженерлік логикамен үйлескен мінсіз көріністі ұсынады. Бұл NX 350h-ге стильді әрі ерекше көрінуге, сондай-ақ жоғары жол тұрақтылығы мен технологиялық мүмкіндіктерді көрсетуге мүмкіндік береді.
NX 350h-тің салоны дәстүрлі түрде Tazuna концепциясына сай дайындалған. Бұл концепция барлық негізі элементтер мен ақпаратты жүргізушінің қолы мен көзі арқылы қозғалыспен басқаратындай етіп жасалған. Нәтижесінде жүргізуші жайлы орында, жолда алаңдамай, көлікті толық бақылауда ұстайды. Бұл концепцияны жасауға шабыт берген – тәжірибелі шабандоздың тұлпарды жеңіл, нәзік қозғалыспен оңай басқаруы. (Tazuna сөзі де жапон тілінен аударғанда осындай мағынаны білдіреді). Адамға бағытталған тәсілдің арқасында Lexus инженерлері мен дизайнерлері жүргізуші мен жолаушыларға ең күрделі жол жағдайында да жайлылық пен қауіпсіздік сезімін беретін кеңістік жасай алды.
NX 350h жаңа қозғалтқышында атмосфералы 2,5 литрлік бензин қозғалтқышы алдыңғы қуатты электр моторларымен және артқы оське арналған бөлек электр моторымен бірге жұмыс істейді, бұл интеллектуалды толық жетекті E-Four жүйесін жасайды.
Гибридтік жүйе жол жағдайын бақылай отырып, әрбір энергияны үнемдейді және қажет болған жағдайда энергия көздерін қозғалыс жағдайына қарай үйлестіреді. Ал рекуперация технологиясының арқасында электр энергиясы батареяға қайтарылады. Бұл көліктің жалпы тиімділігін және үнемділігін арттырады.
EV режимінде NX 350h 125 км/сағ дейін жүре алады. Қозғалыстың жартысын электр режимінде өткізе алады және бір жанармай багымен жүріс қашықтығын ұзартады.
NX 350h әдеттегі қозғалтқыштармен салыстырғанда CO₂ шығарындыларын 35%-ға дейін азайтады. Бұл кездейсоқ жайт емес. Lexus, Toyota корпорациясының бөлігі ретінде, климаттың өзгеру мәселесіне жауапкершілікпен қарайды. 2050 жылға дейін көліктерінің өндірісінен бастап пайдалану, қайта өңдеу және тоздыруға дейінгі барлық кезеңде көміртекті бейтараптыққа жетуді мақсат етеді.
Нәтижесінде Lexus NX 350h – қуатты, икемді, жылдам әрекет ететін және экологиялық таза көлік. Оның жылдамдығы біркелкі, басқаруға тез икемделіп, жол жағдайына толық сай келеді.
Сәуірден бастап NX 350h моделін Қазақстан жолдарында тексеруге болады. Гибридті кроссоверлердің сатылымы да 2026 жылдың сәуірінен басталады.