Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Не үшін салынғанын да білмеймін": Алматы әкімі 1,5 миллиард теңгеге салынған крематорийдің қолданысқа берілмеуін түсіндірді

Фото: er-ai-construction.kz

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қалада салынған крематорийдің не үшін іске қосылмағаны жайлы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қала басшысы нысанның денсаулық сақтау басқармасының меншігіне берілгенін айтты. Ал басқарма өзіне тиесілі мекемеге крематорийді тапсырған.

“Бұл крематорийдің не үшін салынғанын да білмеймін. Үлкен жоба жүзеге асырылған, бірақ бізде крематорийді қолдану, жүргізу ережесі заңнамада жоқ. нысанды денсаулық сақтау басқармасына бердік. Басқарма өзіне тиесілі мекемеге нысанды беріп отыр. Сондай-ақ ұлттық экономика министрлігіне ұсыныс білдіріп, заңнамаға тиісті өзгеріс енгізуін сұрадық. Себебі крематорийдің жұмысы заңда еш жерде қаралмаған. Құдай сақтасын, бірақ қиын жағдайға тап болса, ешкім мәйітті ол жерге бермейді”, – деді қала басшысы. 

Әкімнің сөзінше, нысанның құрылысына 1,5 миллиард теңге жұмсалған. Ал қазір оны ұстап тұруға қала бюджетінен қаржы жұмсалмайды. 

Назархан Уән
Сәрсенбі, 17 Желтоқсан, 2025 17:03