"Не үшін, кім үшін орнатылған?": Туристер Бурабайдағы дәретханалардың үнемі жабық тұратынына шағымданды
Фото: Желі кадрларынан скрин
Демалыс күнін Бурабайда өткізуге келген туристер серуен аймақтарындағы дәретханалардың жұмыс істемегенін айтып шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде тараған видеодағы әйел бұл жағдайдың бірінші рет емес екенін алға тартты.
"Бурабайдың таңертеңгі жағдайы. Әдеттегідей, серуен аймағындағы бірде-бір дәретхана істемейді. Біз осында 15 минуттан бері кезекте тұрмыз. Міне, осылайша біз Бурабай курорттық аймағын дамытып жатырмыз", – деп наразылығын білдірген.
Бейнежазба астындағы пікірлерде көпшілік әйелді қолдаған:
"Өткен жұмада ата-анаммен табиғат аясында серуендегіміз келді. Барлық дәретхана жабық. Сонда не үшін орнатылған? Кім үшін?"
"Дәретханаларды ақылы ету керек, сонда ғана тәртіп болады".
"Көшедегі дәретханаға кірудің өзі қиын. Халық тазалық сақтамайды. Әр дәретхананың қасында жұмысшы болуы керек. Әйтпесе іші лас болып кетеді. Өзіміз де кінәліміз", – деп жазды желі қолданушылары.
Stan.kz редакциясы курорттық демалыс аймағынан пікір күтеді.
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді