AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тиімді жолмен көлік аламыз деп сан соғып қалған: Алматылықтар алаяққа алданғандарын айтты

Алматы тұрғындары алаяққа алданып қалдық деп отыр. 10 шақты адам көлікті кейіннен сатып алу құқығымен жалға алған. Алайда сатушы ойынан бас тартқандықтан ер азаматтар сан соғып қалғандарын айтады. Наразы алматылықтар полицияға жүгінген, дегенмен кінәлілер жазасыз қалуы мүмкін деп қорқады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

алданып қалған

Кейіннен сатып алу мүмкіндігі бар көлікті жалға алғандар опық жеп қаламыз деп ойламағандарын айтады. Алданған азаматтардың бірі Алексей еш қиындықсыз көлік тауып, келісімшарт рәсімдепті. Алайда 4,5 миллион теңге төлеген соң көлік иесі оны сатудан бас тартқан.

“Біраз уақыттан кейін “саған көлікті бермеймін” дейді. Мен оған: “Не үшін?” десем, “айнып қалдым” деп жауап берді. Екі айдан соң “сіз маған тағы 1,5 миллион теңге қарызсыз” деп хат жолдапты”, – дейді зардап шеккен Алексей есімді алматылық.

Кейіннен Алексей тағы да алданған азаматтардың барын білген. Жалпы алғанда алаяқ сегіз адамды алдап соққан. Көлік иесі тергеу изоляторына қамалған, бірақ кейіннен кепілдік беріп, бостандыққа шығыпты. Ал қылмыстық іс әкімшілік-құқықтық болып қайта қаралған. Дегенмен Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасы мұны жоққа шығарды. 

“Қылмыстық іс материалдарын зерделеу сотқа дейінгі тергеу органы қылмысқа қатысы бар тұлғаларға қатысты түпкілікті шешім қабылдамағанын көрсетті. Осыған байланысты Бостандық ауданы прокуратурасының ісі қосымша тергеу жүргізу үшін қылмыстық тергеу органына жіберілді. Қазір іс құзырлы органдарда қаралып жатыр. Аудан прокуратурасының нұсқауы орындалғаннан кейін соңғы процессуалдық шешім қабылданады”, – деді Бостандық ауданының прокуроры Ерлан Омарбаев.

Оқиға бойынша қалалық ПД де пікір білдірді. 

“Қазіргі таңда "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес қатаң түрде жүргізіледі”, – деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 


Қазақстанда жол жүру ережесінде жаңашылдық пайда болады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр