Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Не деген көргенсіздік: Асхат Тарғын Шырын Нарчаеваны жазалауды сұрады

Қазақтың ұлттық киімін киіп, жалаңаштанған Шырын Нарчаева қоғамды мықтап ашуландырды. Атақ үшін ойына келгенді істеген қыздың әрекеті журналистерден бастап, әншілердің де құлағына жетті. Бұған дейін Бибігүл Дәулетбекқызы мен Талғат Жорабаев Шырынды жазалауды талап еткен еді.

Не деген көргенсіздік: Асхат Тарғын Шырын Нарчаеваны жазалауды сұрады

Енді олардың сөзіне Асхат Тарғын да қосылды, деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші атышулы бикешке қатысты ойын желідегі парақшасында білдірді.

“Мына бәлені қалай тоқтатуға болады? Не деген көргенсіздік, ата-анасы, ағалары жоқ па? Мен видеосын салуға (ұяттан) дәтім бармады. Көрем десеңіздер, Бибігүл Дәулетбектің парақшасында тұр. Кешірім сұрағандай қылды да, артын саусағын шығарып әбден мазақ етті. Билік басындағылар бір шара қолдану керек қой. Казашкамын деп қояды, қазақ емес-ау шамасы”, – дейді Тарғын.

Айта кетейік, бұған дейін Бибігүл Дәулетбек Шырын Нарчаеваға қатысты Ішкі істер министрі мен бас прокурорға үндеу жасаған еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау