Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Не болып кетті?”: Алматыда оқушы қыздардың төбелескен видеосы таралды

Желіде Алматыдағы оқушы қыздардың төбелескен видеосы тарады. Бұл көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі EGOV.PRESS Telegram арнасына сілтеме.

Facebook желісінде Акма Басирова бұл видеоға  “Алматының білім басқармалары мұны біледі ме? Не болып кетті?”,- деп жазды. 

Оқиғаға байланысты полиция басқармасы пікір білдірді.

“"Егов Пресс" парақшасында белгісіз тұлғалар , бір қызды жерге жатқызып әлімжеттік көрсетіп жатқан бейнежазба жариялады. Аталған оқиғаны тексеру барысында 04.01.2023 жылы Алатау ауданы Ұлжан 1 ықшам ауданы Бозарал көшесінің бойында орын алғандығы анықталды. Оқиғаға қатысты тұлғалар кәмелетке толмаған 15 жастағы Ж., 15 жастағы А., 15 жастағы Д., есімді кәмелетке толмағандар Алатау аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 127 , 435 баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, заңды шаралар қолданылды”,- деді ведомство.


Талқылау