Назым Қызайбай мен Төрехан Сабырхан ел чемпионатының ең үздік боксшысы атанды
Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай мен Төрехан Сабырхан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанып қана қоймай, жарыстың үздік боксшысы болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бокстан жастар арасындағы Қазақстан құрамасының капитаны Төрехан Сабырхан мен Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай ел чемпионатының үздік боксшысы атанды. Төрехан 67 келі салмақта қарсылас шақ келтірмей, 18 жасында ересектер арасындағы алғашқы жарысында топ жарды. Ал Назым 48 келі салмақта жұдырықтасып, барлық қарсыласының мысын басып, ел чемпионатының жеңімпазы атанды. Осылайша, Төрехан мен Назым ел біріншілігінің жеңімпазы мен үздік боксшылары атағына ие болды.
Айта кетейік, финалда екеуінің де қарсыластары шаршы алаңға шықпай қалды. Төреханның қарсыласы Санатәлі Төлтаев сырқаттанып қалғанына байланысты шықпаса, Назымның да қарсыласы ауырып қалған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

