Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назерке Әріптің туыстары қылмыскерді өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады

Назерке Әріптің туған әпкесі  Жазира Сыбанбаева бойжеткенді өлтірген қылмыскерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

Бұл туралы  Сыбанбаева өзінің желідегі парақшасында жазған.

«Мен Назерке Әріптің туған әпкесімін. Сол күні Назерке үйден шығып, такси ұстаған. Рөлде Құрбан Ысқақов еді. Оны ұстау үшін бірталай  уақыт кетті. Қазақстанның әр бұрышынан туысқандары келіп іздестірді. Ысқақов әуел бастан тергеуден күдікті болды.

Ол бұрын адам өлтіргені үшін 3 рет сотталған, бірақ мерзімінен бұрын босап отырған.2 ай бойы Назеркенің мүрдесі  күн астында жатты. Сот кезінде Құрбан Ысқақов үш айыптың біреуін ғана , тек адамды өлтіргенін  мойындады. Оның ішінде қызды зорлағаны, қасақана өлтіру қылмыстық ой пиғылы болғанын мойындамады. Біз соттың, заңның әділдігіне сенеміз.

Ол әдетіне салып, адам өлтіргені үшін қамалып, тәртіпті жүріп, қайта шыққысы келіп тұр. Тура осылай ойы бар.  Қыздың өмірін үзді. Енді тағы кімнің көз жасына қалғысы келіп жүр?», – деп жазды Жазира Сыбанбаева.

Қазір осы оқиға бойынша істі қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сот қарап жатыр. Сот жабық есік жағдайында өтуде.

«Мен ол адамның өмір бойына түрмеге жабылғанын  қалаймын. Себебі, бұрын да азаматтық некедегі әйелін 18 жерінен пышақтап өлтірген, бірнеше рет әйелді зорлаған . Сол үшін 11 жылға кесіліп, оның 9 жылын өтеп шыққан. Сонда  қанішерлерді  қалайша босатуға болады?

Мен оны өмір бойы түрмеде отыруына қол жеткізуге бар мүмкіндігімді саламын. Ол тағы 10 жылдан кейін  шығатын болса, тағы  басқа қыздардың обалына қалады», – деген еді  марқұм Назеркенің анасы Сәуле Сарбаева.

Оның айтуынша, сотталушының анасы Назеркенің ата-анасына барып баласының есі дұрыс еместігін алға тартып ақтап алуға тырысқан. Алайда, сот сараптамаларының нәтижесінде күдіктінің ақыл-есі дұрыс екені дәлелденді. Алматы қаласы мен Талғар арасында көлігімен жолаушы тасумен айналысатын күдікті өз кінәсін  мойындаған.

Оқи отырыңыз:

Құралай Нұрқаділова әкесі Заманбекке арнап киім топтамасын шығарды (видео)

Қайрат Нұртас сал ауруына шалдыққан бүлдіршіннің арманын орындады (фото)

Төреғали Төреәлі Үсеновтің өнердегі көшірмесі деген атақ алды

Баян Алагөзова 16 жастағы қызына жыныстық тәрбие бергені үшін сын астында қалды

Талқылау