Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Тіпті, маңызды шешімдер қабылдар кезде де анам түсіме жиі кіреді (видео)

Нұрсұлтан Назарбаев  анасына деген сағынышын, тірі болғанда оған арнайтын ішіндегі  ойлары жайлы айтты. Ақорданың ресми баспасөз қызметі бүгін осыдан, 15 жыл бұрын түсірілген видеоны жария етті. Онда президент өз анасы туралы айтады,-деп хабарлайды Stan.kz


«Аналардың барлығы да  өз балаларынан  жылы сөздер күтетін шығар.  Қазір  біршама  уақыт өткенненде, барлығымызда да аналарымызға уақытымызды аз бөлгеніміз үшін өкініп  жатамыз. Оларды қуантатын  сөздерді аз айттық дейміз. «Анашым, мен сені жақсы көремін!», деп аз айттық. Өз анамның қасында аз ғана уақыт болғаным үшін, іштей өкінемін. Оның мені қатты  жақсы көргенін білетінмін.

Оның осынау сүйіспеншілігі мені өмірде әлі күнге дейін қолдап келеді. Тіпті, маңызды шешімдер қабылдар кезде де анам  түсіме кіреді. Бірден айтайын, мен ешқандай балгерге де, экстрасенс пен жұлдызшыға да сенбеймін. Алайда, анам  менің түсіме еніп: «Сенімді бол, бәрі  жақсы болады!» дейтін. Қазір ол тірі болғанда мен оған арнаған хатымда  қатты жақсы көретінімді,  оны қадірлейтіндінімді жазар едім», – деген  Нұрсұлтан Назарбаев.

Оқи отырыңыз:

Президент әйелдерге баланы данышпан етіп тәрбиелеудің құпиясын ашты (фото)

Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі алғаш рет Ата заңмен бекітілді

Назарбаев: Қазақстан Конституциясының 23 бабына өзгеріс енгізіледі

Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясының басшылық қызметіне келді

 

Талқылау