Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаеваның жаңа суреттері қазақстандықтарды тәнті етті

Әсел Исабаева қазақстандықтарды таңдандырдыФото: instagram.com/__bayanov__/

Желіде Әсел Исабаеваның жаңа фотосессиясынан кадрлар жарияланып, көпшіліктің назарын аударды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Суреттерді отандық және шетелдік брендтермен жұмыс істейтін танымал фотограф Мирас Баянов түсірген.

“Мен үшін әрдайым өнерге жақын болу маңызды еді. Әсіресе, оның жалғасы боп жүрген жандардың жанында жүру ерекше мәнге ие. Ғажайып Әсел Исабаева менің көзқарасыммен”, – деп жазған фотограф.

Желі қолданушылары Әсел Исабаеваның образына тамсанып, түрлі пікір қалдырған.

“Уау, қандай әдемісіз”, “Керемет”, “Әсел, ғажапсыз. Соншалық нәзік, бірақ сондай мықты. Театр үшін, академия үшін, өнерге және адамдарға деген сеніміңіз үшін рақмет”, “Керемет”, “Қандай нәзік әрі талғампаз”, – деп жазған олар.

Әсел Исабаева кім?

Әсел Исабаева – “Astana Ballet” театрының арт-менеджері. Театрдың ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, ол өнер ұжымын құрушылардың бірі әрі хореографиялық бағыттың негізгі тұжырымдамасының авторы. Көпшіліктің қызығушылығын тудырған фотолар да театр сахнасында түсірілгенін байқауға болады.

Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, Әсел Исабаева театрдағы қызметімен қатар, Қазақстандағы көркем гимнастиканы қолдау және дамыту қорын да басқарады.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет екінші отбасы мен екі ұлының бар екенін мойындағаны хабарланған еді. Әсел Исабаева және оның екі ұлы – Тауман мен Байкен туралы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің “Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа” атты кітабында алғаш рет жазған.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 30 Наурыз, 2026 14:38