Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев ұлын көпшілікке көрсетті

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі, кәсіпкер Нұрәлі Әлиев Knights of Charity қайырымдылық шарасына қатысып, көпшілікке ұлын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Нұрәлі Әлиев бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Knights of Charity аясында тағы бір ұмытылмас кеш өтті. Бұл тамаша шараны менің құрметті досым әрі бауырым Милутин Гэтсби ұйымдастырды. Ол әрқашан жүрекпен, мақсатпен әрекет етіп, қоғамның назарын аударып, қолдауға шақырады. Осындай маңызды бастаманың бір бөлігі болғаныма ризамын", – деп жазды ол.
Қазақстандық БАҚ-та Әлиев жариялаған суретте жанындағы жас жігіттің Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы Тауман Назарбаев екені туралы ақпарат тарады. Кейінірек Әлиев әлеуметтік желіде жазба жариялап, бұқаралық ақпарат құралдарына үндеу жасады.
Фото: instagram.com/imnurali
"Барлық БАҚ-қа ескерту. Біріншіден, стористерімді өзім жариялап отырмын, бұл жерде “бой көрсетті” деу орынсыз. Екіншіден, суреттегі менің ұлым, танысып қойыңыздар, аты – Алан", – деп жазды ол.
Айта кетейік, Knights of Charity – әлеуметтік, білім беру және гуманитарлық жобаларға қаражат жинау мақсатында іс-шаралар ұйымдастыратын қайырымдылық алаңы.
Еске салсақ, бұған дейін Назарбаевтың келіні, Нұрәлі Әлиевтің жұбайы Аида Әлиева қоғам алдына шығып, сынға қалғаны туралы жазған едік.
Мұнай бағасы 200 доллар болған жағдайда Қазақстан экономикасына не болады
Мұндай шектен тыс қымбатшылық өз-өзін жоятын механизмді іске қосады дейді сарапшы
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойлаймыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"