Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың немересі кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, "құдайдың тербелісі" мен махаббат туралы айтты

Нұрали ӘлиевФото: instagram.com/imnurali

Нұрәлі Әлиев Алматы тауларында қазақстандық кәсіпкерлерге арналған бизнес таңғы ас өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әңгімесін бастаған Қазақстанның тұңғыш президентінің немересі саясат туралы сөз қозғамайтынын атап өтті:

“Мұнда ешқандай саясат жоқ. Мұнда тек руханият туралы айтылады және мен бүгін соны сіздерге бөліскім келеді”, – деді ол.

Әлиевтің айтуынша, махаббат – адамға берілген сый әрі бақыттың өзі. Оның сөзінше, бұл – құдайдың тербелісі.

Сондай-ақ Әлиев махаббат кімді сүйетініңізге тәуелді емес екенін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев ұлын көпшілікке көрсеткені хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 26 Ақпан, 2026 13:40