Назарбаев жеңіл қылмыс жасағандарға амнистия беріп жазадан босатуды сұрады
Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен жасалған заңнамаға сәйкес ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылық жасаған әлеуметтік жағынан аз қорғалған азаматтарға амнистия берілуі мүмкін.
Фото: Андрей Стенин
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Мемлекет басшысы Конституцияның 61-бабы 1-пунктінде көрсетілген заң шығару инициативасына сәйкес Парламент мәжілісіне “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты амнистия туралы” Заң жобасын ұсынды деп хабарлайды ресми БАҚ.
Амнистия гуманизм акті, мемлекеттердің заңды бұзған азаматтарға сенім білдіріп, қайырымдылық көрсетуі болып табылады. Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жасалған заң жобасы негізінен әлеуметтік жағынан аз қорғалған азаматтар тобын, жасөспірімдерді, аяғы ауыр әйелдерді, жасөспірім балалары бар әйелдерді, қарт адамдарды, мүгедектерді, сондай-ақ ауыр емес қылмыстық құқықбұзушылықтар жасаған азаматтарды қылмыстық жазадан босатуды қарастырады. Заң жобасы аса ауыр қылмыс жасаған азаматтарға амнистия беруге тыйым салады. Заң жобасын Парламент палаталарында ұсыну бас прокурор Асанов Ж. Қ. тапсырылды.
Жіберіп алмаңыз:
Нұрсұлтан Назарбаев “Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев” бағдарламасының қонағы болды
Ұйқыдағы ару синдромы: Бойжеткен 6 ай бойы ұйықтаған (фото)