Назарбаев университеті студентінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: multivu.com
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жатақханада мәйіті табылған Назарбаев университетінің студентінің өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрдің айтуынша, полицейлер Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету) бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
"Қазір Қылмыстық-процессуалдық кодекс аясында ешқандай мәлімет айтылмай жатыр. Біз тек полициямен жұмыс істеп жатқанымызды растай аламыз", – деді министр.
Журналистер министрден оқиғаға студенттер арасындағы кикілжің себеп болуы мүмкін бе деп сұрады.
"Біз түсініктеме бере алмаймыз. Полиция департаменті тергеу аясында қосымша ақпарат айтады. Біз осылай келістік", – деді Саясат Нұрбек.
Айта кетейік, бұған дейін Назарбаев университеті жатақханасынан студенттің мәйіті табылған еді.
Талқылау

"Киіктерді өз өмірінің құнымен қорғаған батыр": Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қаруланған броконьерлерді қуамын деп қалай қаза тапты
Қайғылы оқиға 6 жыл бұрын “Охотзоопром” кәсіпорнында болған еді

"Кейбірі сәбиінен, кейбірі анасынан айырылып жатады": Қазақстандықтар перзентхана алдында дүбірлі той жасайтындарды сынады
Акушер: "Көп адамның жиналуы жаңа туған сәби мен анаға түрлі инфекция, вирус таратады"