Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалаңаш отырасыңдар: Назарбаев мемлекеттік қызметкерлерді импорттық киімдері үшін сөкті

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезекті халыққа жолдауында отандық өнімді дамытуда басымдылық болу керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Назарбаев шенеуніктерге отандық өнімдерді тұтынуға кеңес берді

Назарбаев тіпті шенеуніктердің үстіндегі киімдердің барлығы шетелдік өнімдер екенін атап өтті.

«Халыққа қажет тауар өнімдерін шығару керек, қарапайым экономиканы дамыту қажет. Біз оны ұмытып, жіберіп алдық. Сіздер киіп отырған импорттық киімдерді шешіп алса, жалаңаш отырасыздар осы жерде. Бізде жейделер де, костюмдер де өндіреледі», – дейді президент.

Сонымен қатар, қазақстандықтар «байып» кеткені соншалық, тек шетелдік брендті киімдерді ғана киетінін мәлімдеді. Осы тұста өзінің тек отандық өнімдерді тұтынатынын айтқан Назарбаев шенеуніктерге де өзінен үлгі алуға кеңес берді.

«Мен сіздерге құны он есе арзан тұратын отандық костюмдерді киіп те көрсеткенмін. Қазақстандықтар байып кеткен, бағасына да қарамайды. Бұл өз тауарларымыздың экспорттық әлеуетін көтереді және ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамыз етеді. Мемлекет импорттық тауарды аз әкелген сайын, ол тәуелді болып саналады», – деді Назарбаев өзінің халыққа жолдауында.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау