Назарбаев отандық аяқ киім мен костюм киетінін айтып мақтанды
Бүгін жалпыұлттық телекөпір барысында елбасы қазақстандықтарды отандық киім киюге шақырды, деп хабарлайды Қазақпарат.
«Өзіміздің жеңіл өнеркәсіпті қолдау керектігін үнемі айтып жүрмін. Фабрикаларыңда болдым. Жаңадан өндіріс шығарады дегеннен кейін жиналысқа сендердің костюмдарыңды киіп келдім. Аяқ киімдеріңді де сатып алдым. Қазір аяғымды көтеріп, көрсете алмаймын. Сендердің аяқ киімдеріңді көріп отырмын. Осында отырған жұртшылыққа, қазақстандықтарға өзіміздің жеңіл өнеркәсіпті қолдау үшін өз тауарларымызды сатып алуға шақырамын. Ары қарай осыны өндіріп, бәсекеге сай болып, француздардан да, итальяндықтардан да кем шығармайтын болыңдар», – деді мемлекет басшысы «Казлегпром-Алматы» ЖШС-ның итальяндық технология бойынша сұрыптамасы кең аяқ киім өндірісін іске қосу кезінде.
«Казлегпром-Алматы» ЖШС-ның директоры Айбек Бектұрғанов жобаның іске асырылуы қазақстандық аяқ киім нарығындағы импортты алмастыруды қамтамасыз ететінін жеткізді.
Жіберіп алмаңыз:
Теріс діни ағымдар өз уағыздарын насихаттаудың жаңа әдістерін тауып жатыр
Шөкеев қандай ұлттық компаниялардың сатылатынын айтты
Жамбыл облысында жүк көлігінің жүргізушісі жарылған дөңгелегін ауыстыратын зат тапты (видео)