Назарбаев: Латыншаға көшу – орыс тілінен қашу деген сөз емес
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Хабар” телеарнасына берген сұхбатында қазақстандықтардың неліктен латыншаға көшуі керектігін айтты.
Президенттің сөзінше, қазір ең бастысы – бұл қазақша әліпби. Ол бастапқыда түрік жазуы болғанын, кейін араб жазуына өткенімізді, ал одан соң Ахмет Байтұрсыновтың латын жазуын қайта бейімдегенін, сосын барып кирилл қарпіне көшкенімізді айтты.
“Мәселе кирилл қарпінен құтылсақ болды емес, кириллицада қазақ тіліне қажеті жоқ әріптер бар. Мәселен қазақтарда “щ”, “и”, “я” деген сөздер жоқ. Қатаң, жұмсақ дауыстылар да, “ч”, “и”, “ц” дегендер де жоқ. Бұл әріптердің біздің әліпбиде тұрғанына қарамастан ешкім пайдаланбайды. Олар қазақ тілінің негізін құртады”, – деді президент.
Елбасы латын әліпбиіне көшу орыс тілінен қашу дегенді білдірмейді деген ойды баса айтты. Орыс тілінде шығатын барлық басылым кириллицада қала бермек.
“Латын негізінен қазақ тіліне әсер етеді. Бірақ қазақтар орыс тілін де білуі керек. Біз өзге тілдерді орыс тілі секілді меңгермедік. Менің ойымша, егер орыс тілінен ажырап қалсақ біз ұтпаймыз. Өйткені барлық технология мен көптеген кітаптар осы тілде шығады”, – деді Назарбаев.
Оқи отырыңыз:
Есімов елбасыға ЭКСПО аяқталған соң нысандарды қалай пайдалануға болатынын айтты
Халқы танымайтын парламентте қартайған депутаттардың тізімі шықты
Елбасы: Орыс тілділер үшін кириллица қолданыста қала бермек
Ақмола облысының бұрынғы әкімінің ұлы Алматы қаласының аудан әкімі болды