Назарбаев Қырғызстанның дамуына көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның премьер-министрі Сооронбай Жээнбековвен кездесті,- деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қырғызстанның премьер-министрі кездесуге мүмкіндік тудырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің табысты өтіп жатуына орай құттықтады.
“Сізге Қырғыз Республикасына көрсеткен қолдауыңыз үшін алғыс айтамын. Біз сіздің және ел Үкіметінің деңгейінде бауырлас Қазақстанның қолдауын әрдайым сезініп келеміз”, – деді Жээнбеков.
Қазақстан Президенті мемлекеттер басшыларының өзара қарым-қатынасы емес, халықтарымыздың тарихи жақындығы мен олардың бір-біріне деген сенімі екі ел арасындағы ынтымақтастық негізін құрайтынын атап өтті.
“Біз – көршілес әрі бауырлас халықпыз. Мен әрдайым Қырғызстан болашағының жарқын болуы үшін мүмкіндігінше қажетті қолдау көрсететін боламын. Экономикалық тұрғыдан даму үшін саяси тұрақтылықтың болуы маңызды.
Біз әрдайым қырғыз халқымен біргеміз. Қырғызстанда президент сайлауы болғалы жатыр. Қырғыз халқы сайлаған президентпен бірге жұмыс істейтін боламыз”, – деді мемлекет басшысы.
Оқи отырыңыз:
Сағынтаев ауыл шаруашылығы вице-министріне: Сізге сұрақ қойып тұрсам залда қыдырып жүрсіз
Халықты дүрліктірген жер кодексі парламенттің қарауына жетті
Ішімдік сататын дүкенді аралап жүрген имамдар елді шошытты
Алматы облысында 85 мұғалімді аудандық бас ұстаз «білімсіз қарақалпақтар» деп кемсіткен