"Назарбаев, кет!" ұранының авторы Ермек Нарымбай қамауға алынды

"Назарбаев, кет!" ұранының авторы, саясаткер әрі белсенді Ермек Нарымбайға арандатушылық материалдар таратты деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұған дейін сотталған Ермек Нарымбайды полиция қызметкерлері ұстаған.
"Тергеу нұсқасына сәйкес, ол соттың заңды күшіне енген үкімін және қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға салынған тыйымды біле тұра, әдейі әрі бірнеше рет заңсыз әрі арандатушылық сипаттағы материалдарды таратып, азаматтарды жаңылыстырған", – делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары әрекеттердің жүйелі және саналы түрде жасалғанын, сондай-ақ сот шешімін тікелей орындамағанын атап өтті.
Полиция департаментінің дерегінше, бұған дейін ол сот шешімін орындамағаны үшін бес рет әкімшілік жауапқа тартылған. Осыған байланысты оған қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот шешімімен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Тергеу жалғасып жатыр.
- "Не қылған сүмеңдеген жүріс": Депутат Нұрсұлтан Назарбаевқа елден шығуға тыйым салуды ұсынды
-
Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты оның өтініп сұрауы бойынша қабылдайтынын айтты – Тоқаев
Еске салайық, 4 ақпанда Ермек Нарымбайдың сот үкіміне сәйкес әлеуметтік желіде ақпарат жариялауға тыйымды орындамағаны үшін ұсталғаны хабарланған еді. Ал 5 ақпанда "Назарбаев, кет!" ұранының авторы қамауға алынғаны белгілі болды.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды