Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Испаниядағы екі террорлық актіге байланысты көңіл айтты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбае Испания Королі VI Фелипеге Барселона қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарланады Ақорданың ресми сайты.

назр

Мемлекет басшысы террорлық акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

“Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы бағытталған бұл жантүршігерлік әрекетті қатаң айыптайды және терроризммен күресте жаһандық ынтымақтастықты кеңейтуді қолдайды”, – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына, барша испан халқына, сондай-ақ Испания Королі VI Фелипеге көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысының бұрынғы әкімінің ұлы Алматы қаласының аудан әкімі болды

Есімов елбасыға ЭКСПО аяқталған соң нысандарды қалай пайдалануға болатынын айтты

Елімізде полицейлерге қызметтік көлігінің терезесін тұмшалауға тыйым салынды

Болашақ көлігі: Қазақстандықтар электросамокат пайдалана бастады

Талқылау