Назарбаев Францияның жаңа президентімен бірге жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Макронды Франция Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен шын жүректен құттықтады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Франция халқы Сізге дауыс беру арқылы өзіңіз жариялаған, елдің қарқынды дамуына бағытталған өзгерістерді қолдайтынын көрсетті. Сіздің басшылығыңызбен Франция өркендеу жолында жаңа тамаша табыстарға қол жеткізетініне кәміл сенемін», – делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы биыл Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толатынын атап өтті.
«Өзара іс-қимылымыз өрістеп, стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгенін мақтан тұтамыз. Сізбен және Франция үкіметімен ортақ мүдделі мәселелер жөнінде жаңашылдық пен талпыныс рухында бірге жұмыс бастауға дайынбыз. Жан-жақты ықпалдастығымыз халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі нығая береді деп үміттенемін», – делінген жеделхатта.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Франция көшбасшысының бастамаларына сәттілік, ал француз халқына бақ-береке тіледі.
Жіберіп алмаңыз:
Ең қарт альпинист Эверест шыңын бағындырмақ болған кезінде қайтыс болды
Уағыз айтуына тыйым салынған имамдардың тізімі шықты
Исламдағы неке: Құрбыңа алғаш назар салуың және махаббат сезімінің оянуы
Білім министрлігі 11-сынып үшін оқу жылының ұзартылуы жайлы сыбысқа жауап берді