Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев барлық қазақстандықтардың отандық электромобиль мінгенін армандайды

Бүгін Жалпыұлттық телекөпір барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев электромобильмен жүргенін қалайтынын айтты.

20161206164847

«Біздің елімізде машина жасау алғаш рет дами бастады. Мен таяу аралықта барша Қазақстан электромобильмен жүргенін армандаймын. Олардың бағасы қолжетімді болады», – деді елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев мұндай көліктерді, әсіресе, ауасы ластанған Алматы мен Өскемен сынды қалалардың тұрғындары мінгені дұрыс болатындығын атап өтті.

«Егер толықтай электромобильге ауыстырар болсақ, онда біздің ауамыз тазарып, бірнеше есе үнем жасайтын едік. Біз осыған жақындап келеміз. Толықтай алғанда, индустриаландыру жылдары ішінде шамамен 5 трлн. теңгенің мыңнан астам жобасы іске қосылды. Шамамен 100 мың тұрақты жұмыс орны құрылды», – деді елбасы.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев отандық аяқ киім мен костюм киетінін айтып мақтанды

Шөкеев қандай ұлттық компаниялардың сатылатынын айтты

Теріс діни ағымдар өз уағыздарын насихаттаудың жаңа әдістерін тауып жатыр

Талқылау