Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Астана көшелерінің атауын нөмірлеуді ұсынды

Президент Назарбаев Астанаға қатысы жоқ тұлғалардың атына қойылған көше атауларына наразылық білдірді. Ол Астана көшелерін нөмірлеу туралы ұсыныс жасады.

Президенттің айтуынша, көше аттары адамдарды шатастырады, деп хабарлады Stan.kzSputnik Казахстанға сілтеме жасап.

“Бір жолдың әр бөлігінде әр түрті есімдер бар. Мұхаметханов, Сарайшық және Қошқарбаев – бұлар бір көше. Орынбор, Сығанақ, Қалдаяқов – бір көше. Мұны істеген кім? Пошташы шатасады. Мен айттым ғой атауларды ретке келтіру керек деп. Атауларды қойған Әділбек Рыскелдіұлы ма? Немесе оған дейін қойылған ба? Қалай болса солай”, – деді Назарбаев.

Президент сынына әкімнің орынбасары Ермек Аманшаев жауап берді. Оның айтуынша, республикалық ономастикалық комиссия құрамына танымал тарихшылар, зерттеушілер мен ғалымдар кіреді.

“Ономастикалық комиссиядағы академиктер ештеңені түсінбейді. Бұл қалада біз тұрамыз. Егер адам жоқ болса, нөмірмен қойыңдар. Міне, №13 даңғыл жақсы жұмыс істеп тұр ғой. Вашингтонда көшелер нөмірмен аталған, адамдар тұрып жатыр. Білмейсің, кім екенін. Жарайды, Сарайшық пен Сығанақты қоюға бір кездері Тасмағамбетовке өзім рұсат бердім. Қазіргі жастар олардың қайдан алынғанын білмейді“, – деді президент Аманшаевқа.

Мемлекет басшысы Астанаға қатысы жоқ адамдардың есімі қойылған көшелерді өзгертуді тапсырды.

“Әрине, көше атауын өзгертіп, адамдарды шатастыру жақсы емес. Дегенмен, ретке келтіру керек. Көшені нөмірлеңдер болды”, – деді ол.

Аманшаев өткен жылдан бастап Астана көшелеріне адам атын қою тоқтатылғанын айтты.

Тағы оқыңыз:

Назарбаев Астана әкіміне ашуын келтірген суретті көрсетті

Елбасы 2050 жылға дейін Астанада қанша адам өмір сүруі керек екенін айтты

Мемлекет басшысы: Алматылықтар астаналықтарға “колхозниктер” секілді қараған

Нұрсұлтан Назарбаев: Кемеровадағы оқиғадан қорытынды шығару керек

Талқылау