Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев сауда үйлеріндегі балалар алаңын төменгі қабаттан салуды тапсырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі ойын-сауық орталықтарының орналасуын қайта қарау керектігін мәлімдеді. Нұрсұлтан Әбішұлы бүгін Астананы дамыту бойынша жиналысқа қатысып, осы мәселені көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Кемероводағы оқиғадан қорытынды шығару қажет. Қазір менің тапсырмаммен барлығы тексеріліп жатыр. Қызыл әтеш шоқымайынша бізде ештеңе жасалмайды. Барлық жерде тексеріс болуы қажет. Қараңыздар, айдың-күннің аманында қаншама адам көз жұмды.

«Қазір қарап отырсам, кәсіпкерлердің барлығы өздерінде бәрі жақсы екендігін дәлелдей бастапты. Бірақ, істі әсіресе барлық сауда, ойын-сауық орталықтарын тексерумен жабу қажет. Осы балалар алаңдарын ең жоғары қабатқа салудың қажеті қанша? Жоғарыда сауда-саттық болуы тиіс қой. Алдағы уақыттағы құрылыс барысында үлкен жобалар үшін осындай міндет жүктеу керек», – деді елбасы.

Тағы оқыңыз: 

Мемлекет басшысы: Алматылықтар астаналықтарға “колхозниктер” секілді қараған

Дархан Кәлетаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды

Назарбаев Астананың мерейтойы туралы: Қонақтарға қаланың әсемдігін көрсету қажет

Астана әкімі халықты қолжетімді баспанамен қалай қамтамасыз ететінін айтты

 

 

Талқылау