Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалды
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді үкімет басшысы лауазымына ұсынды.

«Мемлекет басшысы парламент мәжілісіне премьер-министр лауазымына Асқар Маминді ұсынды», – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мәжіліс депутаттары министрлер кабинетінің басшысы лауазымына ұсынылған кандидатураны қарастырып, Маминнің кандидатурасын үкімет басшысы лауазымына мақұлдады. Мемлекет басшысы Асқар Маминді ҚР премьер-министрі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Жаңа премьер-министрдің ұсынысы бойынша мемлекет басшысы министрлер кабинетінің құрылымын анықтап, парламенттің төменгі палатасының депутаттарымен кеңескеннен кейін министрлер кабинетінің мүшелерін қызметке тағайындайды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі