Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Найзағай мен нөсер жауын": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет еліміз бойынша 8-10 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аймақтарында ауа райы тұрақсыз болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Синоптиктердің болжамынша, аптаның басында антициклон Қазақстанның басым бөлігіне әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кейін елдің батыс және солтүстік-батыс аймақтарына циклон әсер етеді. Салдарынан найзағай мен жаңбыр болады. 9-10 қазанда батыста нөсер жаңбыр болжанып отыр.

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман болады.



Еліміздің батысында ауа температурасы күндіз 12-18 градусқа дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 7-17 градусқа дейін төмендейді деп болжанған. Ал қалған аумақта күрт өзгерістер жоқ.

Талқылау