Науқастың мүгедектер арбасын бүлдіріп тастаған: Қазақстандық әйел Air Astana әуекомпаниясына шағымданды
Видеодан скриншот
Қазақстандық әйел Air Astana әуекомпаниясының үстінен шағымданды. Сөзінше, қызметкерлер мүгедектер арбасын тасымалдау ережесін бұзып, немқұрайлылық танытқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық Жұлдыз Шәкірова Air Astana қызметкерлерінің әрекетіне шағымданды. Айтуынша, компания науқас ұлын азапқа салған.
Отбасы Қазақстанға Сеулден қайтып келе жатқан еді. Олар сол жақтан мүгедектер арбасын сатып алған, себебі ол арзанырақ әрі пайдалану оңай.
"Біз мұны ұлымыздың өмір сүруге деген құштарлығын жоғалтпасын, көшеге шығып, тәуелсіз болғын деп сатып алдық", – деді әйел.
Оның айтуынша, Сеулде ешқандай проблема болған жоқ. Ұл арбамен ұшаққа жетті, содан кейін арбасы жүк бөліміне мұқият жүктелді.
"Сіз күлмеңіз, біз сізге Африкадағы абориген емеспіз": Депутат Air Astana басшысына ашуын төкті
Алайда келесі рейсте қиындықтар басталды.
"Алматыдағы Air Astana әуекомпаниясының тіркеу кассасында тәртіпсіздік басталды. Қызметкерлер арбаны бұзып, аккумуляторларды салонға да, багажға да кіргізбеді. Оны жүк бөлімі арқылы тасымалдау үшін тағы ақша төлеуді талап етті. Менің ұлым тіпті өз бетімен ұшаққа жете алмады, батарея жарылып кетуі мүмкін деді", – деді Шәкірова.
Сөзінше, әуекомпания қызметкері арбаны бөлшектеп тастаған, бірақ оны қайта жинамай, бөлшектерін багаж бөліміне лақтырып жіберген. Нәтижесінде арбаны ұшаққа жеткізу мүмкін болмады, ал ұлы екі рет орын ауыстыруға мәжбүр болды дейді.
Air Astana оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, кешірім сұрады.
"Осындай жағдайдың орын алғанына қатты өкінеміз. Мән-жайды түсіндіру үшін рейстің уақыты мен күнін немесе билет нөміріңізді жазыңыз. Біз сізге көмектесуге тырысамыз", – делінген компанияның ресми жауабында.
Еске салайық, 12 жастағы қызды ұшаққа отырғызбай, жалғыз тастап кеткеніүшін FlyArystan 8 млн теңге төлегенін жазған едік.

"Оқушылармен бір vibe-тамын": Желіде тренд түсірген мектеп директоры жұрттың ықыласына бөленді
