"Науқастар біреуді ұру үшін келмейді": Қазақстандық депутаттар дәрігерлерге жасалған шабуыл үшін жазаны жеңілдетуді ұсынды

Фото: freepik.com
Мәжілісте қазақстандық дәрігерлерді агрессивті науқастардан қорғауға арналған заң жобасы талқыланып жатыр. Бірақ бірінші оқылымда бұл құжатты барлық депутаттар қолдаған жоқ. Кейбірі қазіргі жазалар тым қатал деп есептейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TengriHealth порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Өткен аптада депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда қарады. Онда қылмыстық кодекске 380-3-бабы "медицина қызметкеріне немесе жедел жәрдем жүргізушісіне күш қолдану" тармағын енгізу ұсынылған.
Бірінші оқылымда дауыс беру кезінде қолдамаған депутаттардың бірі – Заңгер Снежанна Имашева. Имашева дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілеріне шабуыл жасағандарды жазалау қажет деген жалпы идеяны қолдайды. Бірақ ол баптардың тұжырымдары мен ұсынылып отырған жазалармен толық келісе алмайтынын жеткізді.
"Медицина қызметкерлері мен науқас арасындағы жанжалда әрдайым екі тарап болады. Науқастар немесе олардың туыстары ауруханаға біреуді ұру немесе қабылдау бөлмесін бүлдіру үшін келмейді. Иә, жанжалдар болады және олар жазалануы тиіс. Бірақ кейбір санкциялар біздің ойымызша тым қатал", – деді Имашева.
Снежанна Имашева әріптестерімен бірге екі мәселеге назар аударғанын айтады.
Бірінші бөлік бойынша жаза: "Өмірге және денсаулыққа қауіп төндірмейтін күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту". Қазір жаза 500–1000 АЕК айыппұлдан (2025 жылы 1,9–3,9 миллион теңге) басталып, үш жылға дейін бас бостандығын шектеумен аяқталады. Оның айтуынша, қылмыстық кодекстегі көп баптарда жазаның төменгі шегі көрсетілмейді. Сот оны іс жағдайына, адамдардың жеке ерекшеліктеріне қарай өзі белгілейді.
"Төменгі шекті көрсету қажетсіз қатаңдықты тудырады. Біз төменгі шекті алып тастау керектігін ұсынамыз”, – деп қосты Имашева.
Депутаттардың айтуынша, 500 АЕК-тік қатаң төменгі айыппұл соттың жеңілірек жаза тағайындауына кедергі жасап, кішігірім жанжалдарда әділетсіздік туғызуы мүмкін және табысы төмен адамдарға ауыртпалық түсіреді. Оның үстіне мұндай үлкен айыппұлды соттар сирек тағайындайды. Оның орнына бас бостандығын шектеу сияқты қатаңырақ жазалар көбейеді. Ал бұл – қылмыстық саясатты жеңілдету мақсатына қайшы.
Депутаттар медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау туралы баптың екінші бөлігін алып тастауды сұрайды. Бұл бөлік бірнеше адам қатысқан немесе төтенше жағдай кезіндегі жанжалдарға 3–7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
-
Астанада қайтыс болған фельдшердің құрметіне ескерткіш соғылып, арнайы сынып ашылмақ
-
2026 жылы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру жоспарланып отыр
Имашева мұндай жағдайлар көбіне өмірге қауіп төндірмейтінін, бірақ жаза тым қатал екенін жеткізді. Оның ойынша, бұл бап адамды негізсіз "сотталған" санатқа қосуы мүмкін.
"Әр жағдайды әртүрлі болады. Сондықтан оны өте мұқият қарау керек. Шынымен қауіп болды ма? Науқастың әрекеті оның денсаулығына байланысты емес пе? Медқызметкерлер тарапынан арандату болған жоқ па? Мұндай нюанстар көп, олардың бәрін ескеру қажет. Бұл бап көп адамға әсер етеді. Сондықтан олардың бәрін бірден қылмыскер ретінде қабылдауға болмайды. Ең бастысы – бұл норма тәжірибеде қалай жұмыс істейтінін көру. Дәрігерлерге шабуыл жасағандарды жазалау керек, бірақ шамадан тыс қатаңдатпау маңызды. Дәрігерді қорғай отырып, науқастарды ұмытпауымыз керек", – деді депутат.
Имашева мен бірнеше депутат ұсыныстарын мәжілістің профильдік комитетіне жіберген. Бірақ комитет әлі қараған жоқ. Депутат заңды нақты жазу маңызды екенін, әр жанжал жеке саралануы тиіс екенін жеткізді. Имашеваның пікірінше, дәрігерлерді қорғау тек қылмыстық жазамен шектелмеуі керек.
Бұл сонымен қатар:
- әлеуметтік және қаржылық қолдау;
- медициналық ұйымдарда қауіпсіздікті күшейту;
- дәрігерлерді қиын жағдайларда дұрыс сөйлесу дағдыларына үйрету керек.
Пациенттердің құқықтарын да сақтап, шағымдарды әділ қарау, қолдау қызметтері арқылы жанжалды шешу маңызды екенін жеткізді. Депутаттар маңыздысы – дәрігерлерді қорғау мен пациенттердің құқығын тең сақтау екенін атап өтеді. Агрессор жазалануы тиіс, бірақ шектен шығуға болмайды.
Заң жобасының екінші оқылымы қашан қаралатыны белгісіз, бірақ оны жыл соңына дейін қабылдау жоспарланған.
Еске салсақ, мәжіліс депутаттары дәрігерлерге шабуыл жасағандарға жазаны күшейтуді көздейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған еді.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді