Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Науқас анасы мен інісін 13 жасынан асыраған қыз отбасымен далада қалды

Қырғызстандық Айчурек 13 жыл бойы науқас анасы мен інісін асырап келді. Ол Ош қаласында пакет пен қорап жинап, тиыннын құрап анасына дәрі-дәрмек алатын.

Емдік_тамақтану

Ол кезде ет комбинатының жертөлесінде тұрған. Айчурек мектепке бармаған. Оқу мен тұрмысты қатар алып жүре алмапты.

Қырғызстандық Айчурекке жайлы Ресейде арнайы бағдарлдама түсірді. Осыдан соң қайырымды жандар қол ұшын созып, “Хьюман Интернешнл қайырымдылық қоры оларға пәтер жалдап берді. Отбасы бір жыл сол пәтерде тұрып келді. Пәтердің коммуналды ақысын анасы Ырысхан Сүлейманованың зейнетақысының есебінен төледі.

Айчурек аздап қолы босаған соң сабағына барып, медициналық колледжге түспек болады.

Алайда жағдай күрт өзгеріп, бұл отбасы далада қалудың аз алдында тұр. “Хьюман Интернешнл” қорының басшысы ауысқан. Ондағылар бұдан былай бұл отбасының пәтер ақысын төлемейтінін айтқан. 27 тамызға дейін анасы пәтер қарызын төлеп, босатуы тиіс.

«Адамдарға сенеміз деп өзіміз қиналып қалдық. Бұдан да өзіміздің жертөлемізде тұрғанымыз жақсы еді», – дейді анасы.

Жертөлені өзге адамдар паналап жатыр екен. Науқас әйел президент пен премьер министрге, депутат пен кандитаттаттарға хат жазып, көмек сұраған. Алайда ешқандай көмек болмаған.

«Мен не істерімді білмеймін. Қызым өсіп қалды. Оны базарға жіберіп қорап жинатқым келмейді. Өзім жұмыс істей алмаймын. Қысымым қалыптан төмен түспейді», – дейді Ырысқан.

Қайырымдылық қоры қаржының жоқтығынан бұл отбасыны қаржыландыра алмайтынын айтты.

f2fed8b8421740f427b98eaeaeafd031

Анасының айтуынша, БАҚ-та жарияланған соң оларға хабарласқан жандар көп болған. Бірақ ешкім айтарлықтай көмек бермепті. Кейбірі әйелді сөгіп, оның өтірік ақша жасап отырғанын айтып ұрысатын көрінеді.

Әйелге Әлімжан Тоқтахуновтің көмекшісі, ресейлік әнші Андрей Ковалев көмектесті. Ол ай сайына 70 доллар беріп тұруға уәде берген. Отбасыға Қазақстан, Ресей, Жапония мен Европадан ақша аударды.

«Ол кезде көмек көп көрсетілді. Соңғы кездері көмек берілмей кетті. Ай сайынғы ақшаны бізге емес біз туралы бірінші болып жазған «Азаттық» тілшісіне жіберіп отырды. Ол бізге бір-ақ рет ақша жіберді», – дейді анасы.

Журналист отбасыға екі рет ақша келгенін, оны өздеріне аударғанын айтады.

9-сынып оқушысы Айчурек аттестат алуы тиіс. Егер қазір жұмыс істеп ақша табатын болса, оқуын аяқтай алмайтын күйде.

Тағы да оқыңыз:

Грантқа ілікпеген түлектер студенттік кредит бойынша оқуға түсе алады

Мұсылман ер адам тауып алған 30 млн теңгені иесіне қайтарған

Кертаев Бибігүл Дәулетбекқызының айыптауына жауап берді

Талқылау