Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нашақорлыққа салынған астаналық шенеунік басынан өткен оқиғаны баяндады

Астаналық бұрынғы шенеунік есірткіні қалай қабылдағанын айтып берді. Нашақорлық әдетке тәуелді болып қалған соң мемлекеттік қызметті де тастауына тура келіпті.

Бұл туралы NewTimes.kz хабарлайды.

Жас жігіт ауқатты отбасында туып, жақсы білім алған. Мемлекеттік қызметке кіріскеннен кейін де мансап жолы тез жоғарылайды. Бірақ, бір жолы өз-өзінен күйзеліп, жұмысқа да, жақындарымен араласуға да зауқы соқпай қалады.

Бір танысы оның күйін көріп, стрестен құтқаратын таблетке ұсынады. Жас жігіт ештеңеден күмәнданбайды. “Дәріні” қабылдаған соң ол біртүрлі жеңілдеуді сезініп, қайтадан құлшынысы ояна бастайды. Сол кезде барып досының оған “есірткі” бергенін түсінеді. Бастапқыда досына ренжігенімен, артынан қайта таблетка сұрай бастапты. Осылайша біржола есірткінің шырмауына түседі.

Өзінің қиын жағдайын жасырып бағуға тырысқанымен ештеңе шықпай, ақыры қызметтен кетуге мәжбүр болады. Ол есірткіні тағы бір мәрте тұтыну үшін бәріне де дайын болады: ұрлық, адам өлтіру, өз үйін де сатып жіберу. Оның өмірінде әйел пайда болмаған да, арғы жағын елетестудің өзі қорқынышты еді.

Бұрын дәрігер болған Катя (есімі өзгертілді) есімді құрбысы оның жағдайын бірден түсініп, ер адамды наркологқа баруға көндіреді. Ем біртіндеп нәтижесін беріп, ол қайтадан өмірге басқаша көзқараспен қарай бастапты. Дегенмен қуаныш ұзаққа созылмай, ол енді психикалық қиындыққа ұшырайды. Қаншама уақыт психиатр мен наркологқа емделген кезде оның қасында әркез Катя болған.

Жас жігіт қазір де сауықтыру курсын қабылдап жатыр. Анда-санда желідегі нашақорлар тобына кіріп тұрады, бірақ ондағы атмосфера мүлде ұнамайды екен.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбе полициясы көшеден табылған панасыз балалардың туыстарын іздеп жатыр

Жомарттықтың зияны: БҚО-да бейтаныс адамға қоңырау шалуға берген әйел телефонсыз қалды

Қазақстанда зейнетақы төлеудің жаңа ережесі енгізіледі

Талқылау