"Наразылық білдірушілер кейпінде болып, тұрғындар мен олардың көліктеріне оқ жаудырды": Саясаттанушылар еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктер туралы
Қазақстандағы тәртіпсіздік салдарынан 225 адам көз жұмды. Зардап шеккендердің көпшілігі террористер, бірақ өкінішке орай, қаза болғандардың арасында тәртіп сақшылары мен бейбіт тұрғындар бар. Неліктен осы қайғылы күндері кінәсіз адамдар қайтыс болды және олар кімдердің қолынан қаза тапты? Бұл туралы саясаттанушылар мен әскери сарапшылар өз ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматыдағы оқиғалардың хронологиясына тоқталсақ, оқиға бейбіт және тыныш басталғаны анық. 3 қаңтарда наразылық білдірушілермен сөйлескен кезде олардың тарапынан ешқандай тәртіпсіздектер болған жоқ.
4 қаңтардың кешкі уақытында наразылық білдірушілер тағы да жинала бастады – бұл жолы "Алматы Арена" мен Шығыс айналма жолында. Демонстранттардың саны тез өсе бастады. Алайда адамдар оларға террористер, радикал-экстремистер мен қылмыскерлер қосыла бастағанын білмеді. Олар патрульдіктерге бірден шабуыл жасап, жолдардағы көлік қозғалысын бөгеттеп, ең бастысы қала әкімдігін басып алуға тырысты. Бұл әрекеттердің бейбіт митингпен ортақ ештеңесі болмады. Мұндай агрессияға қарамастан, қауіпсіздік күштері бейбіт шерушілердің оқ астында қалу қаупін анық түсініп оқ атпады. Ол кезде экстремисттерге қарсы су атқыштарын, дыбыс шығарғышгранаталарды және көзден жас ағызатын газды қолданған.
20 мың адам қаңтардың 5-і күні әр аудан мен шет аймақтардан қала орталығына жиналып, қоршауды бұзып өтіп, қала әкімдігін басып алды. Бірақ қауіпсіздік күштері адамдардың көп болғандығынан қару қолданбады – себебі бұл үлкен адам шығынына әкелетін еді.
"Лаңкестердің басқа топтары бір уақытта 7 қару-жарақ дүкенін басып алып, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді иемденген. 5-ші қаңтардан 6-шы қаңтарға қараған түні содырлар Полиция департаментін, Алмалы, Жетісу, Әуезов, Бостандық аудандық бөлімшелерін және жергілікті полиция қызметінің ғимаратын қарулы басып алуға әрекет жасады. Мен өзім Полиция департаментінде болдым, ғимаратымызды 27 рет басып алмақ болды. Бұл техника мен арнайы тактиканы қолдану арқылы жасалған нақты шабуылдар болатын. Ал джиптер мен КАМАЗ көліктері таран ретінде пайдаланылды", - деді Алматы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Бұл жай ашуланған наразылық білдірушілер емес еді. 5 қаңтардан бастап қалада бандиттер мен нағыз террористер әрекет етті. Қарусыз протестанттар әкімдікті, әуежайды, Президенттің Резиденциясын басып ала алар ма еді? Олар ПД, аудандық полиция бөлімдерінің ғимараттарына, әскери бөлімдерге және тіпті түрмелерге шабуыл жасай алар ма еді? Дүкендерді, сауда орталықтарын қиратып, өрт сөндірушілерді, жедел машиналарды өртейтін еді ме? Әрине, олар қару-жарақ пен ұрыс жүргізудің тактикалық әдістерін жетік меңгерген кәсіби дайындалған адамдар болды.
Тек 6 қаңтарда Қауіпсіздік кеңесінің шешімінен кейін күштік құрылымдарға террористерге қарсы ескертусіз оқ ату бұйрығы берілді.
"Өртеу, басып алу, шабуылдар басталған кезде ғана ескертусіз оқ ату шешімі қабылданды. Бұл осы жағдайда қажет болды. Әйтпесе, бәрі қолға түсіп, қиратылып, әскерилер өліп, өртеніп, содан кейін бұл бүлік бұдан да үлкен құрбандықпен тоқталар еді. Басқа жол жоқ еді. Әйтпесе көпшіліктің барлығын өлтірер еді, себебі оларға қару-жарақ әкелінді, қару-жарақ қоймалары басып алынды және көпшілікке қару-жарақ таратылды. Егер ату туралы бұйрық кейінірек берілсе немесе мүлде берілмесе құрбан болғандардың саны көп болар еді деп ойлаймын", - дейді "Генералдар кеңесі" республикалық бірлестігінің басшысы, генерал-майор Махмұт Телеғұсов.
Телерадио хабарламалар арқылы алматылықтарға үйлерінен шықпау туралы ескертілгенімен, көшелерде террористердің қолынан қаза тапқан бейбіт азаматтар болды.
"8 қаңтарда мен әскери госпитальда болдым – онда 70-ке жуық жараланған шекарашылар, курсанттар, Ұлттық ұлан сарбаздары, полковниктер, подполковниктер болды. Олар бұл оқиғаның қалай болғанын ашық айтты. Бұл терористербейбіт шерушілердің артына жасырынған. Оларды жібермеді - өздерімен бірге алып жүрді. Бейбіт шерушілердің кейпін танытып, өз әрекеттерін жүзеге асырды. Олардың айналасында болды. Бейбіт шерушілертеррористердің оқтарынан жарақат алуы мүмкін болатын, лаңкестер оларды көпшіліктен жібермеуге тырысты, өздерін жауып, куәгерлерді алып тастау үшін әрекет жасады.Лаңкестер бейбіт тұрғындардың көліктерін құтқаруға бара жатқан қауіпсіздік күштерінің көліктері деп ойлап,шатастырып оқ жаудырды. Сондықтан мұндай жағдайда бейбіт тұрғындар өлімінің алдын алу мүмкін болмады", - деп жалғастырды Махмұт Телеғұсов.
Терористер үшін алдында кімнің тұрғаны бәрібір болды – мейлі ол үш баланың анасы, қарапайым еңбекқор таксистнемесе полицей. Олар бәрін өлтірді. Көшеде бей-берекет оқ жаудырып, кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар мен оларға қосылудан және көлігін беруден бас тартқан жүргізушілерді өлтірді.
Осылайша режиссер Сәкен Битаев қаза тапты. 6 қаңтарда ол досымен бірге терористер басып алған аумақтан шықпақ болған. Тонаушылар шабуыл жасап, көлікті өздеріне беруді талап еткен, бірақ Сәкен кенет қозғалған кезде, террористеркетіп бара жатқан көлікке оқ жаудырған. Бір оқ режиссер Сәкеннің өкпесінен өтіп, ол оқиға орнында қаза болған. Дәл осылай түсірілім тобын алып бара жатқан "Алматы" телеарнасының жүргізушісі әп-сәтте жан тапсырды.
"Мұндай жағдайларда бейбіт тұрғындар өлімінің алдын алу мүмкін емес. Көшеде агрессивті адамдардың көп жиналып жатқанын көрген кезде тұрғындар үйлеріне қайтуы керек. Бейбіт тұрғындар мұндай дағдарыс кезінде көшеде жүрмеуі керек еді. Олардың өлімі террористік топтардың мойынында. Ал терористерге оқ ату туралы бұйрық бұл дұрыс шешім еді. Қаладағы жағдайды бақылауға алу қажет болғанда, өлтіру үшін оқ ату бұйрығы берілгені әрине дұрыс. Жиналғандар қалалық әкімдікті, Президенттің Резиденциясын басып алды, және оқ ату туралы бұйрық 5 қаңтарда әкімдік әлі басып алынбаған кезде берілгендежақсы болар еді", - дейді саясаттанушы Максим Казначеев.
Алдын ала деректер бойынша бұл трагедияда барлығы 225 адам қаза тапты. Көбісі шабуыл жасаған қарулы бандиттерболған. Олардың ішінде террористердің қолынан қайтыс болған 19 қауіпсіздік күштері мен бейбіт тұрғындар бар.
"Тәртіпсіздікті қоздырушылар мемлекеттік нысандарды ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындарды да нысанаға алды, оларды тоқтатып, ұрып, оқ жаудырды. Олар дүкен терезелерін қиратты, сонымен қатар тұрғын үйлерде ұрлық фактілері орын алды. Ол жерде бәрі араласып кетті: бейбіт наразылық білдірушілер де, сол маңайда жүргендер де, көлікпен өтіп бара жатқандар да болды, атыс-шабысты салют деп түсініп, телефонына түсірмек болып оқ тиген бала да болды. Тіпті кейбір мәліметтер соны жасағандарсодырлар болғанын көрсетеді. Жүздеген, ал қазір содырлардың мыңдаған атыс қаруы болғаны туралы ақпарат бар. Түрлі қарудың болғанын растайтын видеолар да бар. Оның үстіне содырлардың қолында снайперлік қару да болған – ондай дәлелдер де бар", - дейді саясаттанушы Расул Жұмалы әріптесімен бірге.
Содырлардың тағы бір ізі - олардың жаралылар мен қаза тапқандарға қатысты әрекеттері. Оларды ешбір жағдайда қалдырмаған, үнемі өздерімен бірге алып жүрген. Бүліккезінде олар мәйітханаға 7 рет шабуыл жасап, 41 мәйітті алып кеткен.
"Бұл олардың ынтымақтастығы. Олар мәйіттерді жинап, барлық дәстүр бойынша жерлеуді ғана емес, сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына одан әрі көмек көрсетуді де міндет етіп алады. Содырлар әр елден келген. Бұл атқыштардың отбасыларының анықталмауы және кейіннен проблемалар болмауы үшін жасайды", - деді генерал-майор, "Генералдар кеңесі" республикалық бірлестігінің басшысы Махмұт Телеғұсов.
"Бұл діни экстремистік топтардың әдеттегі тәжірибесі. Бұндай жағдайлар басқа елдерде де, мысалы Сирияда, Ауғанстанда түрлі террористік шабуылдар кезінде тіркелген. Бұл экстремистік топтар арасында жиі кездеседі. Менің түсінуімше, бұл діни канондарға сәйкес болу үшін мақсатты түрде жасалады. Яғни, өлгендер дереу шығарылады, жерленеді немесе жерлеу рәсімі жаңадан қазылған қабірлерде жасырылады және т.б. Яғни, Алматы зираттары бойынша мұны тексеру керек", - деп есептейді саясаттанушы Максим Казначеев.
Факт қалады, бұл бәрін алдын ала жоспарлаған содырлар екені анық. Олардың арасында айқын иерархия болды - олар ұрланған көліктермен қала бойынша 4-5 адам болып жүріп, өз командирлеріне бағынған.
"Сарбаздардың айтуынша, олар қалада қысқа жолмен қалайжүру керектігін, ненің қайда екенін білді. Олардың командирлері болды. Бұл содырлардың үштен бір бөлігі ғана болуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды. Әскери тактикада операцияның бірінші кезеңі-әскерлердің үштен бірі негізгі фазаны барлау және дайындау үшін жіберіледі. Бұл содырлардың бірінші бөлігінің ұрыстағы барлау түрі. Барлығы толық түрде ұйымдастырылған, басқарылған және дайындалған. Қару-жарақпен жабдықталған. Ал қалғандары, бәлкім, қала шетінде Ұзынағашта болған шығар. Ол аймақтарда қара киімділер топтасып жатыр деген ақпараттар көп болды. Олардың командирлері қызылжәне сары киімде болды", - деп қорытындылады Махмұт Телеғұсов.