"Намысты жігіттерді құрметтеймін": Бүркіт Жаңаөзенде тегін концерт беруге уәде берді
Әнші Бүркіт ел алдында ерекше уәде берді. Әнші Жаңаөзенде қандай да концерт болса, тегін келетінін айтты. Ол мұндай қадамға Жаңаөзеннің намысты жігіттерін құрметтейтіндіктен бармақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Керемет жігіттер, намысын аяқтың астына таптатпайтын жігіттер осы Жаңаөзенде. Жаңаөзеннің бәрі сондай деп ойлаймын. Құрметтеймін сіздерді. Егер қала тұрғындарына арналған концерт болса немесе өзіміздің жеке концерт болса, тегін беремін. Бір тиын да алмаймын, сөз беремін", – деді Бүркіт.
Айта кетейік, қаңтардағы митингтер осы Жаңаөзен қаласынан басталған болатын. Қала тұрғындары газ бағасының қымбаттауына байланысты алаңға шықты.
Бейбіт шеру болып басталған митинг ел аумағында жалғасын тауып, арты жаппай тәртіпсіздіктерге айналды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар