Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Намазхан жігіт бала күнінде зорланған әйелін жүктілігіне қарамастан қуып жіберген

21 жастағы бойжеткенді 8 жыл бұрын нағашы ағасы зорлаған. Сол сәтте ол бұл оқиға туралы ешкімге тіс жармаған. Бар шындықты болашақ жарына ғана айтамын деп ойлаған. Алайда намазхан жігіті оны кеудесінен итеріп, ішіндегі баласын алдыртып тастауды ұсынған екен.

16583647_285232701900912_2400005043282509824_n

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

«Аз уақыттан кейін босанғалы отырмын. Қазір жүктіліктің 31-аптасындамын. Шыны керек, бұл оқиғаны есіме түсіргім келмейді. Бірақ өзім зардап шеккеннен кейін басқаларға сабақ болғанын қалаймын. Қазір 21 жастамын. Сол кезде 13 жаста болатынмын. Анамның туған әпкесінің ұлымен бала күнімізден бірге өстік. Ол кісінің ата—анасы басқа қалалардан тауар әкеліп жүретін. Жаңағы ағам осындайда үйде жалғыз қалуға қорқып, мені анамнан сұрап алып кететін. Аға-қарындас болып күліп-ойнайтынбыз. Сол түні маған тап берді. Бұл әрекетін түсінбей айқайлай бердім.

Ол арамызда ешнәрсе болмағандай тұрып кетіп қалды. Өзім де бұл оқиғаға көп мән бермедім. Бөлмеден жылап шығып кеткен болатынмын. Кейін ол үйге мүлдем бармайтын болдым. Анам «Неге бармайсың?» деп сұрады. Жабулы қазан осылайша жабулы күйінде қалды. Анамның көзінше ол ағаммен амандасатынмын. Ол оқиғадан кейін оңашада қалған емеспіз. Бүгінде үйленіп, бір бала тәрбиелеп отыр. Жуырда екінші перзенттері дүниеге келеді. Туыстық қатынас бұзылмасын деген оймен анама айтпадым. Болған жайтты біліп қойса, апалы-сіңлілердің арасында реніш басталады. Сол себепті, болашақта күйеуіме ғана айтамын деп шештім. Толықтай ұмыттым. Ешқандай нәтиже болмайтынын білгендіктен, барлығын сол күйінде қалдырдым. Өз ауылымда оқуымды бітіріп, Алматыға келдім. Сол жақта намазхан, иманды жігітке тұрмысқа шықтым. Босағасын аттамай тұрып осы оқиға туралы айттым.

«Менің басымнан осындай оқиға өткен. Бұл туралы анам білмейді. Қабылдасаңыз, шын ниетіңізбен қабылдаңыз. Қабылдамасаңыз, мені босатыңыз» дедім. Ол кісі «Жарайды. Басымызға салған сынақ болар. Уайымдама! Бұл қиындықты бірге жеңеміз» деп көнді. Әрине, осы күнге дейін қиналып келгендіктен, ана сөзді естіп жеңілдеп қалдым. Күйеуім мені түсінбейтін шығар деп қорқып жүрдім. Осылайша, қуанышым қойныма сыймай тұрмысқа шықтым. Мені қолдан ұзатып алды, сырға салды. Арада бір апта өтпей жатып ол кісі мінез көрсете бастады. Қыңырлық танытып, үйге кеш келуді шығарды.

Атам жақсы болғанмен, енем қабағын түйіп, жақтыртпай жүретін болды. Шынымды айтсам, олардың бұл әрекетін түсінбедім. Мен ауруханаға түсіп шыққан күні «Мен көне алмайды екенмін. Саған жақындаған сайын жиіркенемін. Айтқан әңгімең ойыма келе береді. Төзе де, көтере де алмаймын. Мен сені талақ етемін. Той болмайды. Анаң келіп алып кетсін» деді. Төбемнен жай түскендей жағдай болды. Ол кезде аяғымның ауыр екенін білмедім. Анама хабарласып, бар шындықты қалай айтып қойғанымды түсінбедім. Анам арада 8 жыл өткеннен кейін барып шындықты білді. Бірақ өгей әкеме ешнәрсе айтпадық. Анам абдырап, маған сенбегендей кейіп танытты. Өзі мәпелеп өсірген бауыры болғандықтан, мүмкін емес деп ойлады.

Жолдасыма жүкті екенімді айттым. Ол кісі алдыртуды ұсынды. «Маған бұл бала керек емес. Ол маған тартпайды. Сенің ағаңа тартады. Өйткені қыздығыңды сол алды. Ол бала да ағаң секілді есерсоқ болады» деп айтты. Қазір аналар үйінде тұрамын. Маған мүлдем хабарласпайды. Анаммен телефон арқылы ғана сөйлесіп тұрамын. Ішінде мен туралы не ойлайтынын білмеймін. Бірақ бәрібір қызына сенеді деген ойдамын. Қыз-келіншектерге, өзіммен қатарлас апа-сіңілдеріме айтарым бар. Қандай жағдай болса да, шындықты басынан бастап айтыңыздар. Әркім өзінің қателігі мен күнәсі үшін жауап беруге міндетті. Заң алдында да, ар мен абырой алдында да жауап беруі тиіс. Өйткені бұл жерде жалғыз оның өмірі емес, бір қыздың тағдыры тұр. Қазақылыққа салынбай, уақытында барлығының жазасын беріп, сол уақытта барлығын бітірген дұрыс», – дейді Айзада.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Жасөпірім өзінің зорланғанын 3 жылдан бері жақындарына айта алмай жүр

8 жасар қызды педофильден құтқарған оқушы: Гранттан бас тартқан жоқпын

Қазақстандық бойжеткен өзін зорламақ болған жездесі туралы айтып берді

Әпкесінің сыныптасы мен туған ағасы зорламақ болған әйел бала күнгі мұңды естелігін бөлісті

Талқылау