"Нағыз жынды болады": Бибігүл Төлегенова қазақ қыздарына отырып қалмауға кеңес берді
Қазақ өнерінің бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенова мұндай жағдайда дабыл қағу керек дейді. Себебі қазір ХХІ ғасырдың қыздары отбасынан гөрі, мансабын жоғары қояды деген ұстанымда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Қыз баланы ертерек тұрмысқа шығармаса, кейін күйеуге шыққаннан кейін қиын болады. Өйткені, ерке болып өскен қыздар, ерке боламын деп сонда нағыз жынды болады», - дейді халық әртісі.
Бибігүл Ахметқызын Жанна Орынбасарова да қолдап отыр. «Жақсы жігіт жоқ» деп өзін-өзі алдаудың қажеті жоқ дейді алдыңғы буын.
«Мысалы, қазір өмір басқа ғой. Қазір ажырасып кеткендер екінші, үшінші рет күйеуге шығып, одан да жақсы тұрып жатқандар бар. Ода тұрған несі бар? Кей кезде олардың бағы ашылып кетіп жатыр», - дейді Жанна Орынбасарова.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін қыз баланың анасымен қарым-қатынасын дұрыстаған кезде ғана тұрмысқа шыға алатыны туралы хабарлаған едік.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Кәсіпкерлер Қаржы министрлігінің "таза парағына" наразылық білдірді: Компанияларға айыппұлдарды кешіруге рұқсат берілмеді
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр