"Нағыз қамқоршы періште": Желіде 7 жасар қыздың қирандылар астында інісін қорғап жатқан видеосы тарады
Желіде 7 жасар сириялық қыздың жер сілкінісінен кейін үйінді астында інісін қорғап жатқан видеосы тарап, жұртшылықты тебірентті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл видеоны өзінің Twitter парақшасында Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі Мұхамед Сафа бөлісті.
Tribune India жазбасында жеті жасар сириялық қыздың жер сілкінісінен кейін 17 сағат бойы үй қирандыларының астында інісін қорғап қалғаны айтылған.
Видеода оның інісін өз денесімен қорғап, бір қолымен басынан сипап тыныштандырғаны көрінеді.
Желіде: "Құдай-ау, неткен батыл қыз", "Жүрегің ауырады, жарайсың, балапан!", "Нағыз қамқоршы періште, нағыз әпке", – деген пікірлер жазылды.
Бұл бүлдіршіндер кейін үйінді астынан құтқарылды.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"