Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мүгедек зейнеткер үйі тоналғанда қарап отыруға мәжбүр болды

Ұлыбританияның Ньюмаркет қаласында тұратын 66 жастағы Роберт Муркиннің мүгедектер арбасына таңылып отырғанына бірнеше жыл болды. Бірақ ол біреулердің оның осал тұстарын пайдаланады деп ойламады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Роберт таңғы үште теледидар тамашалап отырғанда, үйіне бейтаныс адамдар кіріп келген. Есік осал болғандықтан, ұрыларға үйге кіру қиындық келтірмегені жайлы Mirror басылымы жазды.

«Олар өте жас жігіттер болған сияқты. Телефонымды алғаннан кейін, олар пакеттеріне құнды деген заттардың бәрін тастай берді»,-дейді мүгедек.

Зейнеткер бірнеше минуттың ішінде барлық құнды заттарынан айырылды. Туыстары берген сыйлықты, сондай-ақ зейнеркер жинаған екі ірі қорап ақшаны ұрылар қолды қылған. Қарт кісі дәрменсіз екенін айтып, тоқтауды талап еткенін есіне алды. Қылмыскерлер зейнеткердің телефонын ұрлап кеткенде, ол тіпті орнынан тұра алмаған. Қарт кісінің жағдайын білуге әлеуметтік жұмысшылар келгеннен кейін ғана, полицияға ұрлық туралы белгілі болды.

«Менде жас болдым. Бірақ мен жас екенмін деп, қорғансыз адамдарға зиян жасамадым. Мен әділдікті қалаймын. Оларды жазалағанына көзімді жеткізгім келеді»,-дейі қарт.

Жаңалық туралы естіген бейбіт тұрғындар зейнеткерге арнап қайырымдылық парақшасын ашты. Ол сегіз сағат бойы шамамен 1 мың доллар қаражат жинады.

Ал, жергілікті жөндеу қызметкері Пол Вульф зейнеткерлер үшін мықты есік орнатуға кірісті. Ньюмаркет бақылаушы тобының еріктілері Лорен Алварадо мен Шаун Тойн қарттың үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Жіберіп алмаңыз:

Лотореядан 1,3 миллион доллар ұтып алған жігіт билетін жоғалтып алған соң, өзіне қол жұмсаған 

Иттің үстінен үш пойыз басып өтті: Жануар аман қалды 

Діни ағымның жетегіне ерген ана екі баласын бірдей құрбандыққа шалды 

Америкалық мұғалім студенттермен жыныстық қатынасқа түсуге құқылы екенін дәлелдемекші 

 

Талқылау