Мысырда жүрген Джуринская көгершіннен жасалған сорпа ішіп көрді (видео)
Шетелде жүрген актриса көгершіннен жасалған сорпаның дәмін татып көрді.
Фото: instagram.com/djurinskaya/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Дәл қазір Жәния Джуринская Мысыр елінде саяхаттап жүр. Актриса желідегі парақшасы арқылы саяхатының түрлі қызықтарын бөлісіп жатыр. Ол көгершіннен жасалған сорпаның да дәмін татып көрген екен.
“Дәстүрлі көгершіннен жасалған мысырлық сорпаның дәмі бәріне ұнай бермейді. Дәмді сорпа тәнді керемет жылытады. Ал көгершіннің бауыры ливерді ұнататын жандарға арналған”, – дейді Жәния Джуринская.
Бұдан өзге актриса аталған елдің әйелдерінің бағзы замандардан өздеріне күтім жасайтынын айтып мақтанды. Квадратциклды керемет басқара алатынын да көрсетті.
“Мысыр әйелдері 4 000 жыл бұрын өздеріне ерекше күтім жасайтын. Тырнақтарын хнамен немесе сұйық алтынмен бояйтын, теңіз тұсы қосылған ваннаға жуынатын, терілеріне хош иісті майлар жағатын, құрғақ минералдардан жасалған опа жағып, көзін сүрменің көмегімен айшықтайтын. Еріндеріне жидектен жасалған далаб жағып, тәнді жартылай көрсетіп тұратын зығыр матадан көйлек киетін. Әртүрлі әшекей тағуды да ұмытпайтын”, – дейді Жәния Джуринская.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева кіші қызының сұлулығымен мақтанды (фото)
Айсәуле Бақытбек итіне spa-салон іздеп жүр
Баян Есентаева: Қызыма қысқа киюге рұқсат берген мен жақсы ана емес шығармын
Қыдырәлі Болманов өзін мазақ қылғандарға жауабын берді
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды