Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысыр қазақстандық студенттерді не себепті ұстағанын таяуда хабарлауға уәде берді

Мысырда қамауға алынды делінген қазақстандық студеттерден әлі күнге ешқандай хабар жоқ. Отандастарымызды полицейлер ұстап отыр деп кеше ресми мәлімет таратқан,-деп жазды КТК арнасы.

студенттер

Жоғалды деген алты студенттің екеуінің ғана аты-жөндері  белгілі. Олар – Еламан Жазылхан мен Қанат Берік. Екеуі де бірнеше тілде еркін сөйлейді, аудармашы болып жұмыс істеген. Туыстары жастардың Мысырға шілденің 11-інде ұшып кеткенін айтуда.

Олармен байланыс алты күн бұрын үзілген. Алдын ала мәлімет бойынша студеттер шетелге тіл үйрену үшін және араб тілінен бірнеше кітапты тәжімалауға барған. Олардың жол ақысы мен жүріп-тұруын мысырлық бір қор төлеуі тиіс болыпты.

Қазір осы қор да, тіл үйретуі тиіс орталық та студенттер туралы тіс жарар емес. Бір белгілісі – оларды полицей формасын киген адамдардың ұстап әкеткені. Студеттерді не үшін ұстады және алты бірдей отандасымыз бүгінде қандай күйде, бұл жағы беймәлім.

Қазақстан тарапы Мысырда ұсталған алты студенттің тағдырын анықтау бойынша  жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі.

“Кеше Қазақстан елшісімен кездесу қорытындысы бойынша Мысырдың сыртқы істер министрінің орынбасары жақын уақытта ресми жауап болатынын айтты. Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне сондай-ақ, Мысырдың Қазақстандағы істері бойынша уақытша тағайындалған сенімді өкілі шақыртылды”, — деп жазды Жайнақов Facebook желісіндегі өзінің парақшасында.

Оқи отырыңыз:

Ресейде тұрғын жұмыртқадан «Алла» сөзін байқап қалды (фото)

Діни басқарма жастар адаспау үшін жат ағымдардың сипатын айтып берді

Дінтанушы: Қазіргі сәләфилер – бұрынғы уахабистер. Айтқан сөзіме жауап берем (видео)

Талқылау