Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұрнын сындырып, денесін көгертті": Қазақстандық ер адам әйелін соққыға жыққанын видеоға түсірген

ер адам әйелін ұрды

Видеодан скриншот

Алматы облысында ер адам әйелін ұрып-соққанын видеоға түсіріп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әсиям күйеуінің нашақор екенін айтып, әлеуметтік желіде жариялады. Соққыдан Әсиямның мұрны сынып, құлағы зақымданған.

"Мен бұл нашақорды кешірмеймін. Ол мені өлтірсе де, туыстарыма бәрібір. Сыныптастарыма мың алғыс, мені құтқарғандар – солар ғана. Ол мені шашымнан сүйреп, тұншықтырды, құлағымнан ұрып, жұдырықтады. Салдарынан мұрным сынып, бүкіл денем көгеріп кетті", – деді жәбірленуші.

Сөзінше, Шелек ауруханасы мен полиция әйелді әрі-бері сүйреген.

Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оқиғаның мән-жайын объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған барлық қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады ведомство.

Еске салсақ, Жетісу облысында ер адам әйелін бірнеше сағат азаптап, кейін далаға сүйреп апарып, аттың жалына байлап өлтірді деген күдікке ілінген еді.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 17 Шілде, 2025 15:37
Талқылау