Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпарат жалған болып шықты
Фото: Ақорда
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы хабарлайды: Гүлнар Бажкенованың ("Orda" және "Bazhkenova vs.") ресурстарында таратылған Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
Орталық ресми мәлімдейді: әдейі жалған ақпарат тарату қоғамдық сенімге нұқсан келтіріп, болып жатқан оқиғаларға бұрмаланған көзқарас қалыптастырады", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды сақ болуға және тек ресми, тексерілген дереккөздерге сенуге шақырды.
Орталық Қазақстан заңнамасына сәйкес, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Осыған орай СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров та түсініктеме берді.
“ҚР Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды. Біз мұны журналистік этика мен еліміздің қолданыстағы заңнамасын бұзу деп санаймыз”, – деді ол.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті де ақпараттың жалған екенін ескертіп, мәлімдеме жасады.
"Orda" телеграм-арнасында ҰҚК-нің бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлерінің қамауға алынғаны туралы ақпарат жарияланды.
“Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Қасақана жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз”, – делінген хабарламада.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
