Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұрат Әбділдә түрмедегі камераластарына концерт қойды

Түрмеде концерт бердіФото: Видеодан скриншот

Желіде әуесқой әнші, блогер Мұрат Әбділдәнің түрме сахнасында өнер көрсетіп жатқан сәтінен видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасында блогер Мұрат Әбділдәнің ән айтып тұрған сәтінен видео жарияланды. Ақпаратқа сәйкес, колонияда шағын концерт ұйымдастырылып, блогер сахнада өнер көрсеткен. Қазір ол жазасын Шымкенттегі №54 мекемеде өтеп жатыр.

“Ассалаумағалейкүм, құрметті бауырлар. Бүгін Шымкент қаласы №54 мекемеде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Алдағы уақытта осындай іс-шаралар ұйымдастырыла берсін, аман болайық”, – дейді ол.

Сондай-ақ Мұрат Әбділдә еркіндікке шыққан соң қайтадан шығармашылыққа оралатынын айтады.

“Түрмеден шыққаннан кейін шығармашылықпен, әндеріммен айналысамын, бірнешеуін дайындап қойдым. Жақсы жаңалықтар күтіңіздер”, – деді ол.

Айта кетейік, Мұрат Әбділдә Қылмыстық кодекстің 174-бабы – "Әлеуметтік алауыздықты қоздыру" бойынша сотталған еді. Былтыр ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған болатын. Алайда пробация талаптарын бірнеше рет бұзғандықтан, қайтадан колонияға жіберілді.

Еске салайық, бұған дейін Мұрат Әбілда абақтыда немен айналысқанын айтып бергені хабарланған болатын. 

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 12 Қараша, 2025 17:26
Талқылау