Мұрат Әбділда бостандыққа шығып, анасымен қауышты
Әлеуметтік желі арқылы танылып, әуесқой әнші атанған Мұрат Әбділда бостандыққа шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/adiletkhan/
Блогердің адвокаты Молдахан Әділетхан әншінің анасымен қауышқанын айтты.
“Алматы-Шымкент бағытына ұштық. Мұрат Әблділданы шығарып аламыз”, – деді заңгер жеке парақшасында.
Сонымен қатар желі жұлдызын күтіп алуға анасы мен “Миллион” командасының жігіттері келген.
“Мен – Мұрат Әбділда. 2024 жылдың 9 қыркүйегінде бостандыққа шықтым”, – деді блогер-әнші.
Еске салайық, Қазақстандық блогер Мұрат Әбділда соттан мерзімінен бұрын босатуды сұраған еді.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"