"Мұндай істер шабыттандырады": Аяғының жоқтығына қарамастан, Эверест шыңын бағындырған альпинист Назарбаевпен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев пауэрлифтингтен спорт шебері, альпинист Мария Әуезовамен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайлы Елбасы сайтында жазылған.
Мария Әуезова Нұрсұлтан Назарбаевқа асқақ арманы – бионикалық протездер алуға көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы үшін алғысын білдірді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті мүмкіндігі шектеулі болса да, Эверест шыңын бағындыруда батылдық танытқан спортшының табандылығы мен жанқиярлығын ерекше атап өтті.
"Бір кездері мен Абай шыңын бағындырғанмын. Сол себепті мұның қаншалықты қиын екенін білемін. Сіз Эверест шыңына шығу арқылы төзімділігіңізді таныттыңыз. Сіз жарайсыз. Мұндай істер адамды шабыттандырады және көңілге қуаныш сыйлайды", - деді тұңғыш президент.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығын у-шусыз әрі артық шығынсыз тойлау керек – Тоқаев
Айта кетейік, 2021 жылдың сәуір айында Мария Әуезова альпинистер командасымен бірге 5364 метр биіктіктегі Эверест базалық лагеріне және 5640 метр биіктіктегі Кала-Патар тауына сәтті еңсерді. Аяғы жоқ қыздың Эверестті бағындырған ісіне сүйсінген Елбасы ҚХА-ның 29-шы сессиясында қызға протез сатып алуға көмектесуге уәде берген.
Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен Мария Әуезованың аяғына бионикалық протездер орнатылып, мамандардың бақылауымен толық бейімделу жүргізілді.